Әлеуметтік желіде Қазақстан қалаларын Ресейге беру керектігін айтқан Максим Яковченконың қазақ елінен кешірім сұраған видеосы пайда болды.
«Мен ойымды жазған топтың атауын ұмытып қалдым. Саясатқа қатысты болған секілді. Онда жағымсыз пікірлер көп болды, Мен эмоцияға беріліп кеттім, сол үшін қатты өкінемін. Алдағы уақытта мұндай сөздер айтпаймын, бәрі эмоцияның кесірі», – деді Яковченко.
Максим Яковченкоға қатысты "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://www.youtube.com/watch?v=3i2szsU0HI0