Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді
Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді
© aa.com.tr
414
оқылды
Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлері Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған. Бұл туралы Kabar.kg Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекені маңындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде болған.
«Оқ тиген Қырғызстан азаматтары 1974 жылы туған А.К., 1998 жылы туған А.Ж. және 2000 жылы туған А.Ж. ауыр жараланып, Ала-Бұқа ауданының ауруханасына жеткізілгенімен, ес жимастан көз жұмды», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қырғызстанның Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстан Республикасының Янги-Қорған бағыты бойынша шекара өкілімен дереу кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексерулердің қорытындысы бойынша кездесуді 2022 жылдың 6 мамырында жалғастыруға келісті. Оқиға фактісі бойынша бірлесіп әрекет етуші органдар да хабарланып, жедел-іздестіру шаралары басталды.