Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нариман Төреғалиев Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы университетте болды.
Сенаторлар жоғары оқу орнының басшылығымен отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Білім беру мекемесінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова парламентшілерге университеттегі инновациялар, академиялық және тәрбие жұмыстары, сондай-ақ әлеуметтік жобалар саласындағы жетістіктері туралы айтып берді.
Депутаттардың университет студенттерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, сондай-ақ алда өтетін референдумның маңызы талқыланған негізгі тақырып болды.