Еліміздің бірнеше өңірінде мамыр айында құрғақшылық болады
Еліміздің бірнеше өңірінде мамыр айында құрғақшылық болады
Қазгидромет 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамына анықтама берді. Болжам бойынша 4 облыста орташа құрғақшылық болады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Степногорск қаласы маңында, Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында, Қызылорда облысының Арал және Ақтөбе облысының Әйтеке би мен Хромтау аудандарында. Ал, 2 өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Олар - Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы.
«Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Тайынша аудандарында, Ақтөбе облысы Ырғыз және Ойыл аудандарында, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха және Үржар аудандарында ауа райы қолайлы болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.