Бұл сауалға QMnews Телеграм арнасы жауап береді. Ақпарат көзі Құқық статистикасы орталығының мәліметіне сүйеніп, сәуір айында жемқорлық қылмысы бойынша анықталған ақшалай шығын көлемі 2,3 млрд теңгеден асып кеткенін айтады. Ал наурыз айында бұл көрсеткіш 782, 6 млн теңге шамасында болған екен.
«Жемқорлар өткен айда қаржы жымқырудың аса ауыр түрінен рекордтық көрсеткішке жетіп, мемлекетке 2,2 млрд теңге зиян келген-мыс. Және бұл жағдай қызмет өкілеттігі мен лауазымын асыра пайдаланған шенеуніктер арасында анықталып отыр.
Жалпы, елде мемлекет қызметшілері тарапынан жасалатын қаржы қылмысы алаяқтықпен ақша ұрлау қылмысынан да басым түсіп тұр екен. Салыстырмалы түрде алсақ: сәуір айында лауазымды тұлғалар қазынаға 2,2 млрд теңге зиян келтірсе, алаяқтардан келген залал 5,9 млн теңге», - деп жазады хабарламада.