Павлодарда 84 жастағы ер адам төртінші қабаттан құлап кетті
Павлодарда 84 жастағы ер адам төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: domovod.guru
147
оқылды

Павлодарда 84 жастағы қария тұрғын үйдің 4-қабатынан құлап кетті.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің 4-қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен» делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.