Павлодарда 9-қабаттан құлаған әйел аман қалды
Павлодарда 9-қабаттан құлаған әйел аман қалды
Фото: ТЖД-нен алынды
221
оқылды
Павлодарда 9-қабаттан құлаған әйел ауруханаға жеткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 мамыр сағат 14.37 шамасында 112 пультіне шұғыл шақырту түскен. Павлодар қаласы академик Бектұров көшесі, 109 мекенжайында оқыс оқиға болғанын хабарлаған. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің терезесінен 1993 жылы туған әйел құлап кеткен. Үйге іргелес салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне құлаған. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді ауруханаға жеткізді. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД 5 құтқарушы мен бір техника барды.