Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді
Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді
© tv-mig.ru
460
оқылды
Алматыдағы жекеменшік мектепте жоғары сынып оқушыларынан зорлық көрген 1-сынып оқушысының әкесі қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, – деп хабарлайды Экспресс К басылымы. Ер адам өзінің аты-жөнін жарияламауды және бет-жүзін көрсетпеуді өтінді. Ол ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, бірнеше жыл бұрын әйелі қайтыс болғанын айтты. Оның басқа қалада тұратын ересек қызы бар екен. Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы жекеменшік мектепте болған. Ер адам баласын 2021 жылдың қыркүйегінде осы оқу орнына берген. Оның айтуынша, ұлы ештеңеге шағымданбаған, оқу үлгерімі жақсы болған. Ал жетінші сыныптың үш оқушысы баланы аяусыз қорлап жүргенін сәуір айының ортасында ғана білген.
«Бір күні ол маған өзін мектепте жоғары сынып оқушыларының пышақпен қорқытатынын айтты. Басқа ештеңе айтпады. Келесі күні мен жағдайды анықтау үшін сынып жетекшісіне жолықтым. Ол маған бәрін біліп беремін деп ​​уәде берді де, сол күйі ұмыт болды», – дейді ер адам.
Кешке қарай әкесі баласының аяғы қатты ісіп кеткенін байқаған. Сол кезде жоғары сынып оқушысының баланың аяғын басып, ісітіп жібергені анықталады. Әкесі тағы мектепке барады. Оның айтуынша, тағы да ешкім ештеңе түсіндірмеген, бәрі белгісіз күйінде қалған.