Батыр Сәбит пен жомарт Ғабит
Батыр Сәбит пен жомарт Ғабит
©https://informburo.kz
705
оқылды
Сәбит Шонтақбаевтың ерлігін  бүкіл ел таныды. Сәбиттің 8-қабаттан құлағалы тұрған 3 жасар бүлдіршінді құтқарған көзсіз батырлығы  ел ішінде аңызға айналды. Бірі оның батылдығына тамсанса, біреулер «баланың көрер жарығы бар» екен деп, жақсы ырымға балап жатыр. Не десек те, Сәбиттің ісі – ерлік! Мұндай батылдыққа көп адам бара бермейтіні анық. Сол үшін де Сәбит Шонтақбаев қандай құрметке болса да лайық. Әрине, батыл да ессіз қадамның бәрі бірдей жақсылықпен аяқталмайды. Бірақ Сәбиттің жағдайы елге үлгі боларлық дүние. Әп-сәтте қызылордалық құрылысшының өмірі жақсы жаққа өзгерді. Мысалы, ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев оны «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттап, қолына сағат тақты. Артынан Сәбитті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қабылдады. Қала басшысы оны мамандығы бойынша АҚ «Локомотив құрастыру зауытына» вагон шаруашылығына жұмысқа орналасатынын жеткізді. Сонымен қатар төрт баланың әкесі отбасымен астанаға көшуіне және келіншегі мен бала-шағасының балабақша мен мектепке орналысуына көмектесетінін  айтты. [caption id="attachment_195934" align="alignnone" width="1200"]Сәбит Шонтақбаев ©lenta.inform.kz[/caption] Демеушілердің арқасында отбасының банк алдындағы несиесі жабылып, Instagram белсенділері 450 мың теңге қарызын жауып берген. Енді біреулер теледидар сыйлап, балаларының жазда Бурабайда демалуына жолдама тарту етті. Соның ішінде ең үлкен сый – G-Park құрылыс компаниясының 3 бөлмелі пәтері. Бұл сыйды компания басшысы, депутат Ғабит Сәтмағамбетовтің жеке қоры табыстады. https://www.youtube.com/watch?v=U5hGzPtiRHo&feature=youtu.be
– Сәбит – нағыз азамат! Оның ерлігі жайында Израильде жүргенімде естідім. Шынын айтсам, жігіттің көзсіз батылдығына ризамын. Соның арқасында 3 жасар бала аман қалды. Әйтпегенде, айырылып қалар едік. Сол себепті де оған пәтер сыйламақ болдым, – дейді Ғабит Сәтмағамбетов.
Жанашыр меценаттың бұл алғашқы көмегі емес. Ол бұған дейін де талай көпбалалы аналарға пәтер сыйлап, сырқат балалардың емін көтеріп алған болатын. Осы жолы да Ғабит Сәтмағамбетов бірінші болып, азаматтың ерлігіне алғысын білдірді. Аумағы 100 шаршы метрлі баспана «Рио-Де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Ал оның жөндеу жұмыстарына қаражат көзін Dauletten қоры жинап беретін болды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🌍 Благотворительный Фонд 🌏 (@sg_fund)

«Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да «екі бөлмелі пәтер беріледі» деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр», – деген Сәбит Шонтақбаев алғыс айтып, қолдау білдіріп жатқандарға алғысын білдірді. Айтуынша, кішкентайдың анасы оған хабарласып, алғысын айтқан. Дереккөздер бойынша, сол күні қыздың анасы жұмысқа кетіп, кішкентайын інісінің қарауына қалдырған. Арасында ол көлігін жөндетуге шығып кеткенде кішкентай терезе алдындағы ойыншығын алмақ болып, тайып кеткен. Көршілерінің айтуынша, кішкентай қызды жалғыз анасы ғана тәрбиелеп отыр.