Павлодарда жеке сот орындаушылар кепілдікке қойылған 40 үйді бір ғана адамға сатқан, – деп хабарлайды AstanaTV.
Үйлерді нарықтағы бағадан 5 есе арзанға саудалаған. Ал бұған баспанасынан айрылып қалғандар бұған күдікпен қарайды. Мұның артында ұйымдасқан қылмыстық топ тұр деп санайды. Үйінің аукционға қойылғанын тіпті үй иесі де білмей қалған жағдайлар кездескен.
Мәселен, Ақылбек Сіләмовтің 17 жыл тұрған үйін 5 млн теңге берешек үшін 5 миллион теңгеге бағалап, сатып жіберген.
Павлодар қаласының тұрғыны Ақылбек Сіләмов: «Біз аукционның өткенін де білмей қалдық. Сот орындаушысы келіп, үйді босатыңыздар дегенде ғана білдік. Кудиенко деген азаматқа 5 млн теңгеге сатып жіберіпті. Ал, бұл үйдің нарықтағы бағасы 25-35 млн теңге тұрады», – дейді.
Басындағы баспанасынан айырылған тұрғындар, үйлерінің тым арзанға сатылғанына қарсы. Айтуларынша, 40 пәтерді тек бір ғана адам сатып алған. Аукционға қойылған баспаналар, нарықтағы бағадан 5 есеге арзан сатылған. Ал заң бойынша үйдің бағасын тек 25 пайызға ғана түсіруге рұқсат беріліпті.
Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Жүсіпова: «Сатылымға шығарылған мүліктің бағасы алдымен өседі. Ал, екі мәрте сатып алушы болмаса онда түсе бастайды. Бірақ нарықтағы құнынан 25 пайызға ғана арзан сатылуы керек. Әкімшілік істі қараған кезде сатып алушының бірнеше аукционға қатысқан кездері болды. Заңда оған шектеу жоқ», – дейді.
Ал жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы бұл мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат беруге құлықсыз.
https://youtu.be/FxTnqrKW8fY