Биыл 1054 шақырым теміржол жаңартылады
Биыл 1054 шақырым теміржол жаңартылады
Фотоны түсірген: Назгүл Назарбек
517
оқылды
Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ тарапынан 550 шақырым жол күрделі жөндеуден өтпек. Соның 28 шақырымы Түркістан облысы аумағынан жүріп өтеді. Акционерлік қоғам өкілдері бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырған баспасөз туры кезінде атап өтті. Шымкент магистральдық желі бөлімшесіндегі Шағыр – Талдықұдық аралығындағы жолға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан баспасөз өкілдері мұндағы жұмыстардың барысын, шойын жолдың қалай жөнделіп жатқанын өз көздерімен көріп, заманауи техникалармен жүзеге асып жатқан жөндеу жұмыстарының қыр-сырына қанықты.   [caption id="attachment_196039" align="alignnone" width="900"] width= Фотоны түсірген: Назгүл Назарбек[/caption] Қазақстан ұлттық теміржол компаниясы жыл сайын 500-600 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрады екен. «Жалпы биыл жыл соңына дейін ірілі-ұсақты 1054 шақырым теміржол жаңартылады. Соның ішінде 550 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Олардың қатарында Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау бөлімшелерінің магистральдық желілері бар. [caption id="attachment_196040" align="alignnone" width="900"] width= Фотоны түсірген: Назгүл Назарбек[/caption] Шымкент бөлімшесіне  қарасты  28 шақырым болатын теміржол құрылысын өзіміздің осы саланың мамандары жүргізіп жатыр. Бұл жақтағы жұмыстар бітуге таяу. Бұрын ескі жолмен жолаушылар пойызы сағатына 90 шақырымды жүріп өтсе, енді жөндеуден соң сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты арттыра алады», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ  «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жол және құрылыстар департаментінің директоры Ербол Сәулебеков.   [caption id="attachment_196041" align="alignnone" width="900"] width= Фотоны түсірген: Назгүл Назарбек[/caption] Ал, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Шу машиналандырылған жол дистанциясы филиалының директоры Пернебек Өткелбаев жұмыс барысында  ескі жол алынып, оның орнына жаңа рельс-шпалдар төселетінін атап өтті. Ол үшін арнайы жол техникалары бөлшектеу және салу крандары, түзету-қағу-тегістеу, жолды біркелкі ету машиналары, әмбебап құрал-саймандармен жабдықталған платформалар пайдаланылып жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы теміржол магистралдерін жоспарлы түрде жыл сайын жөндеуден өткізіп тұрады. Бұл жұмыстар ең алдымен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Дәл қазір шпалды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарымыз – 1600 метр. Заманауи машинка сағатына 10 шпаль салу мүмкіндігіне ие. Жалпы мұндағы бір техника бірнеше адамның жұмысын атқарады. Бұрынырақтағы техникалармен жұмыс істеу қиын болса, қазір барлығы да заманауи бір техника бірнеше жұмысты қоса атқарады», – дейді Пернебек Бектенұлы.

Түркістан облысы