Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 мамыр күні күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартты, – деп хабарлайды inform.kz.
Тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа да қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартылғанын жария етті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Осыған дейін Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.