Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті
Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті
фото: prosports.kz
330
оқылды
Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы екінші қалалық ауруханаға түсті. Бұл туралы ABZHAN NEWS Телеграм-арнасы хабарлады. 
"Ақпарат расталды. Арыстанбек Мұхамедиұлы аяғының ауруына байланысты қалалық екінші ауруханада жатыр. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, тамырын кескені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салғаны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Кейін экс-министрдің өз парақшасында қазақстандықтарға жасаған мәлімдемесі жарияланды.