Қарағандыда үш ер адам суға батып кетті
Қарағандыда үш ер адам суға батып кетті
150
оқылды
Қайғылы оқиға 14 мамыр күні  Қарағанды облысы Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан Қусақ ауылдық округінде болды. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 12:00-де диспетчерге 2001 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
"Іздестіру жұмыстарын ТЖ, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар жүргізді. Іздестіру жұмыстарына барлығы 84 адам, 2 құтқарушы, 29 техника мен 2 қайық жұмылдырылды. Сағат 12:35-те жергілікті тұрғындар өзеннен 2001 жылы туған марқұмның денесін тапты. Екінші марқұмды құтқарушылар сағат 17:55-те Қусақ өзенінен 6 метр тереңдіктен тапты", – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тағы бір қайғылы оқиға Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасында болды. «Спутник» саяжайы аумағында құтқарушылар судан 2003 жылы туған жас жігіттің денесін алып шықты. Қарағанды облысының ТЖ департаменті өңір тұрғындарына шомылу маусымы әлі басталмағанын ескертеді.