Қазгидромет жазға арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет жазға арналған ауа райы болжамын жариялады
© sn.kz
1,250
оқылды
Келер жаз ауа райының тұрақсыз сипаты бар күндермен — нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде. Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады. "Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын", – делінген хабарламада.