Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары
Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары
340
оқылды
Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен  Мәжіліс депутаттары  Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Самат Ақышев Қостанай қаласында AMANAT  партиясының  бастауыш  партия ұйымдарының өкілдерімен арнайы семинар өткізді. Бүгінде Қостанай облысында 263 бастауыш партия ұйымдары  жұмыс істейді. Олардың құрамында 1700-ден астам партиялық топ бар. – Біз барлық сала өкілдерімен кездесіп жүрміз. Оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтуға тырысып жатырмыз. Осы кездесулерде көз жеткізгеніміз – халықтың алдағы референдумға деген көзқарасы жақсы, қызығушылығы жоғары. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер де мазмұнды, – деді Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.  width= Өз кезегінде семинар жұмысына қатысушылар референдумның тарихи және саяси маңызына назар аударып, оны қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ осы күні Мәжіліс депутаттары Сәлімжан Нақпаев, Нұрлыбек Ожаев және Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысындағы «Атырау Жылу Электр Орталығы» ұжымымен кездесіп, тақырып төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті.  width= Депутат Сәлімжан Нақпаев саяси жаңғыру бағытындағы бастамалар және  алдағы саяси іс-шараның маңыздылығы туралы айтты. Әсіресе, билік тармақтарының өкілеттіктеріне қатысты жан-жақты баяндалды. (AMANAT партиясының Қостанай және Атырау облыстық филиалдарының ақпараты бойынша)