Шымкентте Конго-қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі тіркелді
Шымкентте Конго-қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі тіркелді
590
оқылды

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді.

Ведомство мәліметінше, оқиға 16 мамырда тіркелді. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «асқазан-ішек жолдарынан қан кету, өткір ауыр ағымы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Осы күні науқас "КҚГҚ ықтимал жағдай" диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бүгінде науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.
"Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкер, барлығы медициналық бақылауға алынды. Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс-шаралары тиісті мамандармен жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.