Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санат көтеретін сертификатты сатып алған ба?
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санат көтеретін сертификатты сатып алған ба?
Фото: AstanaTV сюжетінен скриншот
302
оқылды
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім «санат көтеретін сертификатты сатып алды» деген күдік бар, – деп хабарлайды AstanaTV. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты аймақтың Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы растады. Қазір сертификаттардың қандай жолмен алынғанын құзырлы органдар тексеріп жатқанын айтты. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы: «Иә, өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Қазіргі уақытта үміттенеміз құзыретті органдар бізге анық-қанығын айтып береді деп. Одан кейін міндетті түрде бұл жерде мен әріптестеріме де айтқым келеді: жалған диплом, жалған сертификатпен мынадай білім ошақтарында академиялық шындықты сақтамайтын мұғалімдер олардың әрі қарай жұмыс істеуіне де моралдық құқығы жоқ деп  есептеймін», – дейді. Бұған дейін Шымкент қаласында 340 мұғалімге сертификат сатқандарға қатысты сот шешімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.