Семейде танкіні ескі-құсқы бөлшектермен жөндеп, миллиардтан астам қаржы жымқырған – видео
Семейде танкіні ескі-құсқы бөлшектермен жөндеп, миллиардтан астам қаржы жымқырған – видео
Фото: видеодан скриншот
218
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігі Семей машина жасау зауытында қазына қаржысын жымқырғандарды анықтады. Зауытта танкіге жаңаның орнына ескі бөлшектерді салған. Агенттіктің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ басшысының орынбасары 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырғанын анықтады. Тергеуде Семей машина жасау зауыты бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танкінің жаңа қозғалтқыштарының орнына әдейі 1985-2012 жылдары шыққан бөлшектерді жеткізуге тапсырма бергені әшкере болды.   https://youtu.be/-9nDWpRNCVw Қалалық сот үкімімен Сүлейменов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.