Дәрігерлер Оралда үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз есін жиғанын айтты
Дәрігерлер Оралда үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз есін жиғанын айтты
Фото: aikyn.kz
202
оқылды
БҚО-да үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз есін жиды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан қыз жансақтау бөлімінен анасының қасына ауыстырылды. Екі жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер әзірге ота жасаудың қажеті жоқ деп отыр. Бұған дейін БҚО Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы аудандық ауруханасында кішкентай қыздың үстіне теледидар құлағанын жазған болатынбыз.