Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін
294
оқылды
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға қарай темекі бірден 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі.
"2024 жылға дейін тауарларға ставканы көтеруді жоспарлап отырмыз, бұл 35 еуро, шамамен 1000 данаға 16 мың теңгеге жуық шығады. Есептеп, мыңға бөліп, 20 данаға бөлуге болады, сонда қорап темекі үшін шамамен 300-350 теңге алынады", - дейді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.