Ала шаңның құшағындағы Аршалы
Ала шаңның құшағындағы Аршалы
690
оқылды
Елорданың тап іргесіндегі Аршалы кенті мен оның маңындағы ауыл тұрғындарын алаңдататын мәселелер жеткілікті. Мұндағылар әсіресе экологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанынан қауіптенеді. Бұған аудандағы қиыршық тас өндіретін зауыттардың көбеюі себеп болған. Қазір Аршалы маңында 8 қиыршық тас зауыты жұмыс істеп тұр. Онкологиялық ауру өршіді Аршалылықтар елді мекен маңынан ерсілі-қарсылы ағылған жүк көліктері ­ ізінен көтерілген шаңға тұншы­ғып отырғанын айтып дабыл қағады. Шаңды дауыл мен мен қара түтіннің сал­дарынан аллергия, демікпе, онколо­гия­лық және тыныс алу жол­дарының аурулары көбейген. Аршалы ауданы қоғамдық кеңесінің мәліме­тін­ше, 2012 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта ғана онкологиялық аурулар саны 100 мың адамға шаққанда 147,8 адам­нан 236,3 адамға дейін өскен. Ауру­дан көз аш­паған жұртшылықтың аталған мә­се­лені көтеріп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Алайда әкімдік те, тиісті құқық қорғау органдары да бұл мәселені шешуге келгенде дәрменсіздік танытады. Аршалының әр қойнауы ұсақ құм мен қиыршық тасқа толы. Сол құм мен қиыршық тас күн сайын елордадағы құ­­рылыс алаңдарына жөнелтіліп жата­ды. Жүк көліктері аспанға көтерген қою шаңға тұншыққан халық үйлерінің те­резелерін ашпай, балаларын далаға шы­ғара алмайтын күйге жеткен. Егіс алаң­дары да шаңға көміліп қалатын болған. Өткенге көз жүгіртсек, құрылыс ма­териалдарын өндіретін ұсақ тас зауыт­тары мен карьерлер Аршалыда Кеңес заманында да болған. Алайда, экология­лық мақсатта технологиялық түрлі та­лап­тар жүргізіліп, кен орындары мен жол­дарды суландыру жұмыстары жүр­гі­зілген. Тұрғындар мұндай шаралар­дың қазір мүлдем қолға алынбағанын айтады. Жолды жауып та көрді Әкімдік пен құқық қорғау органда­рынан еш қайран болмаған соң Аршалы кентінің бірнеше әйелі күн сайын қара жолды жауып тастауды әдетке айнал­ды­рыпты. Жақында жолды бөгегендерді жер­гілікті әкімдік пен аудандық поли­ция бөліміне арнайы шақыртқан. Олар да өз тараптарынан күн сайын жүк көліктерінің қозғалысына тыйым сала алмайтындықтарын кесіп айтыпты... «Зауыттар күн санап көбейіп барады. Өнеркәсіп орындарының түтіні өз ал­дына. 15-20 жылдан бері қою түтін мен шаң­нан көз ашпай келеміз. Оған қоса жолдан өтетін ауыр жүк көліктерінің ша­ңына тұншығып өлетін болдық. Арша­лының дәл түбінен карьерлерден қиыр­шық тас таситын көліктер күні-түні құ­йын­датып өтеді. Тыныс алу мүмкін емес. Өткен жылы карьердің түбі­нен жол жа­сап өтеміз деп уәделерін үйіп-төккен. Алай­да өзгерген ешнәрсе жоқ. Ал оған би­ліктің әй деуге шамасы жетпей отыр. Әкімдік те еш амал қыла алмайтындарын айтады. Халықтың наразылығы шегіне жет­ті. Туа сала дертке шалдығатын ба­ла­лардың саны өсті. Екі-үш күннен бері әйел­дер шығып жүк көліктерінің жолын бө­геп тұруға келістік. Тәртіп сақшылары ке­ліп бір-екі көлікке 7 мың теңгеден айып­пұл салды. Ал енді олар күн сайын келе алмайтынын, оған қызметкер саны да жетпейтінін ашық айтты», – дейді Аршалы ауылының тұрғыны Елена Виноградова. Тұрғындардың айтуынша, көліктер түнгі уақытта кенттің ішкі жолдарымен де жүре береді. Одан асфальт жабын­дысының тоз-тозы шыққан. «Күн сайын бала-шағамызбен бірге жолдың үстіне шығамыз. Бірақ бұдан не өзгереді. Жергілікті биліктен еш қайыр болмай тұр. Полицияның жасаған әре­кетінде өзара ымыраластық бар сияқты болып көрінді. Биліктен еш амал бол­маған соң өз қотырымызды өзіміз қа­сымасақ болмайтынын байқадық. Ка­рьерге жолды тау-тасты бұзып салуға олар асығар емес. Өзіміз әрекет етпесек болмайтын сияқты», – деп толықтырды Елена Виноградова. Комиссия құрылмақ Аталған мәселе бойынша Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпанмен тілдестік. Әкім мәселенің аса күрделі екенін мойындап, барлығын заңдық тұрғыда шешу қажеттігін алға тартты. «Мен бұл ауданға жаңада тағайын­далдым. Мәселенің аса күрделі екенін әрі ұзақ уақытқа созылатынын білемін. Осы аптаның ішінде құрамында аудан­дық полиция, прокуратура, эколог ма­ман­дар және басқа да тиісті орган өкіл­дерінен тұратын комиссия құруды жоспарлап отырмын. Бұл комиссия барлық жағдайды тексеріп, тиісті шешім шығаратын бола­ды. Әрине, халықты зор қиындыққа ду­шар еткізіп жатқан бұл мәселеде барлығын дұрыстап толығымен зерттеп-зерделеу қажет. Бір жағынан зауыттарда қаншама адам жұмыспен қамтылған. Эконо­ми­ка­лық тұрғыдан алғанда ауданның дамуына зор үлесін тигізіп отыр. Екінші жағынан эколо­гия­лық ахуал ушыға бастаған. Сондықтан барлығын таразылап тиісті оң шешімді тез арада шығарған жөн», – дейді Ар­шалы ауданының әкімі Мұрат Балпан.
P.S. Бір сөзбен айтқанда, Аршалының басындағы ауыр мұңның жуық арада ары­латын түрі көрінбейді. Тиісті органдардың қолынан келер қайран шамалы болып тұр.

Ақмола облысы