Шымкентте жарылыстан бір адам көз жұмды
Шымкентте жарылыстан бір адам көз жұмды
282
оқылды
Шымкент қаласында аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды.
Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:06-да "102"-ге Ғани Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл тергеу тобы және құтқарушылар аттанды.
"Жарылыстың салдарынан дәрілік ерінділер жасайтын дәріхананың ғимараты бұзылды. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Оқиға орнында күзетші қаза болды. Жарақат алған басқа ешкім жоқ", - дейді полицейлер.
Мекеменің атауы - "Межболничная 138 аптека" ЖШС. Ол жерде ауруханаларға арналған ем-дом жасалады. Дәріхана перинаталдық орталықтың маңында орналасқан.