Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
445
оқылды
Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Түнде 23 мамырда облыстың басым бөлігінде, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында және шығысында найзағай күтіледі.

23 мамырда Қызылорда облысының орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 23 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.

23 мамырда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. қ.Ақтөбе: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

23 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Орал қ.: найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.

23 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с . Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 23 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.