VIP нөмір алған көлік иелері жалған түбіртек қолданып, 5 миллион теңге төлемеген
VIP нөмір алған көлік иелері жалған түбіртек қолданып, 5 миллион теңге төлемеген
Фото: matritca.kz
379
оқылды
Атырау қалалық прокуратурасы көлігіне VIP нөмір алғандар жалған түбіртек қолданып, қазынаға 5 миллион теңге төлемегенін анықтады. VIP нөмірге сұраныс артқанымен, оны сатып алу үшін жалған түбіртекті қолданатындар да бар. «Сатып алынған нөмірлердің сомасын бюджетке нақты түсіммен салыстырып тексеру кезінде 5 млн теңгеден астам қаражаттың түспегені белгілі болды. VIP нөмірлерді сатып алушылар төлем жасағанда жалған түбіртектерді қолданған. Прокуратура аталған дерекке қатысты ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен, 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – деді прокуратура өкілі.