"Сол кезде ағасына тумасынан аурушаң және есепте тұрған баласын қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып оны өлтіру керек екені туралы ұсыныс жасаған, келіспеген жағдайда өзіне өзі қол жұмсайтынын жеткізген. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп баланы өлтіруге алдын ала сөз байласқан. Қызды өлтіруге бағытталған ойын іске асыру үшін қала сыртында орналасқан, бұрынғы зауыт маңындағы қоқыс төгетін жердің еңісіне қарай түсіп, дәрменсіз баланы жерге жатқызып қылғындырып өлтірген", - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.Осылайша, баланың бақилық болғанына көз жеткізіп, мәйітті жасырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі кезде күдіктілер өз жасаған қылмысын мойындап, үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын сұраған. Бірақ тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге күзетпеу ұстау санкциясы берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сот Сарқанда қызын өлтірген ана мен ағасының ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады

170
оқылды
оқылды