Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото ©REUTERS
304
оқылды
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
– Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын ,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде 18 жастағы жергілікті тұрғын оқ жаудырды. Қылмыскерді оқиға орнына келген тәртіп сақшылары атып өлтірді. Соңғы мәлімет бойынша, 19 бала мен екі ересек адам көз жұмды.