Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?
Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?
Фото: orda.kz
279
оқылды
«Жасыл дамудың» мәліметінше, утильалым үшін артық төленген ақша қайтарылады. Recycle.kz. ресми сайтының техникалық жұмысы аяқталды. 14 мамырдан бастап ескі төлем мөлшерлемесі бойынша өтініш берген жеке және заңды тұлғалар артық төленген қаржысын қайтара алады. Артық ақшаны қайтарып алу үшін E-otinish электронды платформасында ЭЦҚ арқылы өтініш беру қажет. Өтініште төлемді қайтару үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректерін көрсету міндетті. Бұған дейін министрлік утильалымның жаңа мөлшерлемесін ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.