«Қазгидрометтің» мәліметінше, биыл маусым айына құрғақшылық болады. Жаздың бірінші айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады.
Алайда, синоптиктердің болжамынша, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында құрғақшылық болады.
Құрғақшылық Қызылорда облысы Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысы Қарақия ауданында да болуы мүмкін.
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысы Сайрам ауданында ауа райы қолайлы болады деп күтіледі.
Мамандардың айтуынша, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының табиғаты өте құрғақ, ыстық аймақ болып саналады.