«Балалар жылы» аясында жас ұрпақтың слеті өтті
«Балалар жылы» аясында жас ұрпақтың слеті өтті
469
оқылды
20 мамыр күні Ясная Поляна ауылының Мәдениет үйінде Тайынша ауданы мәслихатының депутаттары ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы жастардың рөлі» атты мектеп және студенттік парламенті көшбасшыларының слеті өтті. Балалар жылы аясында өткен шараға Солтүстік Қазақстан Облысы Тайынша ауданының бүкіл білім беру ұйымдары қатысты. Атап айтсақ, орта мектептердің 7 - 11 сынып оқушылары және «Тайынша агробизнес колледжі» ҚМУ студенттері атсалысты. балалар Сонымен қатар слетке аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев, аудандық мәслихат депутаттары С. М. Бекшенов, Г. Ө. Батаева, Р. Е. Егінбаев, Д. К. Жақыпов, Д. Е. Ысқақова, А. В. Кершис, А. Б. Мұхаметғалиева, Н. Н. Трифонов, облыстық білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы М. Т. Науанова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М. Ж. Хамзин, аудандық білім бөлімінің басшысы Г. С. Игібаева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. С. Сабыровалар қатысып, жиын жайында пікірлерімен бөлісті. Олар әуел бастан көшбасшылар слетінің жұмысын ашып, мән-мағынасын түсіндірді. балалар «Сіздер белсенді, позитивті, креативті, білімге ұмтылатын, әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын жастарсыздар. Бүгінгі кездесу сіздерге біліммен бөлісуге, жаңа достармен танысуға, мектеп парламенттерінің жетекшілерімен кездесуге және болашаққа мақсат қоюға бірегей мүмкіндік береді. Мұнда өткізілген уақыт оның барлық қатысушығат берері көп. Ал сіздер бүгінгі жиыннан алар идеялар алдыдағы жаңа көкжиек ашатынына сенімдімін», - деді осы іс-шараның бастамашысы әрі демеушісі С. М. Бекшенов. 11 команда таңдалған тақырыптар мен презентацияларды көрсетіп, қойылымдар дайындады. Сөйтіп, әр команданың өнер көрсетуіне 5 минуттан бөлінді. Кеш соңында аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев құттықтау сөз сөйлеп, слет қатысушыларға грамоталар табысталып, сертификаттармен марапатталды.