Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, республикада қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды.
«Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Қосымша 16 мың тонна қант шикізаты жолда келе жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, қант зауыттарындағы өнім өндірісі үздіксіз жүріп жатыр. Ішкі нарыққа қантты «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ жеткізіп тұрады.
«Бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асырады. Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, құрақ қант шикізаты) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтап жатыр», - деді ҚР АШМ-нан.