Алматы облысында үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды
Алматы облысында үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: ПД-нен алынды
320
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында тұрғын үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамды өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды. «Биыл 29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мүрдесі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жылдам жетіп, 1976 жылғы Қаскелең қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалып, оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды», – деді полицейлер. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.