Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы ауыр – Қорғаныс министрлігі  
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы ауыр – Қорғаныс министрлігі  
Фото: m.123ru.net
Балқашта гарнизонда офицер жараланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. «30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр» делінген ресми хабарламада. Оқиғаға қатысты соталды тергеу басталды. Мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.