Әншілер – шегіртке, боксер – қораз, шоумен – маймыл! – Ахметбек Нұрсила
Әншілер – шегіртке, боксер – қораз, шоумен – маймыл! – Ахметбек Нұрсила
623
оқылды
Белгілі бизнес-тренер, жеке кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әншілерді – шегіртке, боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды – қораз, шоумен, юмористерді маймыл образымен байланыстыру керек деп санайды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына осындай ойын жазды.
«Мен қазақ қоғамының - әншілерді – шегіртке, - боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды – қораз, - шоумен, юмористерді – маймыл образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын. Сол кезде, бала әнші боламын десе, «шегіртке боласың ба?» дейтіндей, боксер боламын десе, «қораз сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе?» деп, юморист боламын десе, «онда маймыл болғаның ғой» деп айтқызғым келеді», – дейді кәсіпкер.
Оның пайымынша, сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді.
«Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін. Келісесіздер ме⁉» – деп сұрайды Ахметбек Нұрсила.