Көлік министрлігі автобустарға балалар арбасымен кіруге тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның түсіндіруінше, автобус іші лық толған жағдайда балалар арбасын жинап қою қарастырылған. Бұл ретте ата-анаға бос орын болуы және арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.
Алайда ата-анаға арбаны жинау ыңғайсыз болса, оны ашық күйінде қалдырып, сапарын жалғастыра алады.
Министрлік мұндай жағдайда айыппұл салу, автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмағанын мәлімдеді.
