Иманбаеваны иманды, ибалы деп кім айтты? – Айгүл Иманбаева сынға қалды
Иманбаеваны иманды, ибалы деп кім айтты? – Айгүл Иманбаева сынға қалды
2,007
оқылды
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өнердегі ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен вальс билеп тұрған бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасына салды. Алайда, оқырмандарының дені әншіні сынның астына алған.
«Тұңғышбай ағам Ұстазың, ағаңдай жол көрсетіп сүйеуің де, кейде досыңдай еркелетіп, әріптесіңдей де бола алатын тұлға», – деп жазған Айгүл Иманбаева.
Оқырмандар тарапынан әншінің ұстазына тым жақын жабысып билегені көп жазылған. Көпшілігі ерсі деп бағаласа, біреулері билегенде тұрған ештеңе жоқ деген пікірде.
«Қазақтың қамқор ағасына да, қазақтың ибалы қызына да, бұлай ұстап, жабысып билеген ерсі көрінеді екен. Иманды болайық! Ұят бар жерде иман бар», «Иманбаеваны иманды, ибалы деп кім айтты?», «Бұны сайқал күлкі дейді. Үлкен атасымен жасты кісімен жабысып вальс билегені тым ұят енді. Не тәрбие?», деп жазды оқырмандар көпшілігі.