Балықшылар өзгерісті қолдайды
Балықшылар өзгерісті қолдайды
«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы сапарында «Игіліков» балық зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жалпыхалықтық референ­дум­ды қолдауға арналған кез­десу­де Ғалым Махмұтбайұлы ең ал­ды­мен зауыт жұмысымен та­ныс­ты. Содан кейін Ата Заңы­мызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Елдегі саяси маңызы бар кезеңге, яғни, референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Дегенмен қазір халықтың, әрбір дауыс беруші азаматтың бұл оқиғаның негізгі мәнін терең түсінуі маңызды болып отыр. Осы мақсатта біз бірнеше кез­десу өткізіп, халықпен, ең­бек ұжымдарымен пікір алма­сып жүрміз. Байқағанымыз, халық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екінші Республика құру жөніндегі мақсатын түсі­ніп, мемлекетті басқаруға ха­лық­тың тікелей қатысуы үшін нақты қадам жасап жатқанына оң пікір білдіріп жатыр. Сіздер­дің тараптарыңыздан да үлкен қолдау болады деп сенемін. Баршаңызды елдің болшағы үшін жасалып жатқан өзгеріс­терге дауыс беруге шақырамын», – деді Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев. Сондай-ақ кездесуде сөз алған аудандық штаб мүшесі, «Игіліков» балық зауытының директоры Төребек Игіліков Президент реформаларының маңызды тұстарын айтып, ұжым болып референдумға атсалыса­ты­нын жеткізді.