Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті
©total.kz
2,549
оқылды
Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы құрамына Бақытжан Сағынтаев кірді. Бұдан былай Қазақстанның экс-Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып қызмет атқарады. Бақытжан Сағынтаевтың мол тәжірибесі ЕАЭО жұмысына жаңаша дем берері сөзсіз. Ұйым көздеген экономикалық шешімдер барлық елге оңтайлы болуы шарт. Естеріңізге сала кетейік,  қазір  ЕЭК құрамында 5 ел ұсынған өкіл бар: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. Қазақстан тарапы ұсынған Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын өзге төрт елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Комиссияның шешімдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орындалуға міндетті болады.