БҚО-да адамдарға қасқыр шапты: қасқырдан құтыру ауруы анықталды
БҚО-да адамдарға қасқыр шапты: қасқырдан құтыру ауруы анықталды
409
оқылды
Батыс Қазақстан облысында төрт адамды жарақаттаған қасқыр құтырған болып шықты. Оқыс оқиға мамыр айының басында орын алған. Сол кезден бастап ауылда карантин жарияланып, мал етін сатуға уақытша тыйым салынған. Шоқыбай ауылдық округінің әкімі Әділ Қаражанов «Уральская неделя» басылымына жыртқыш аңнан зардап шеккендер вакцина алып жатқанын, сондай-ақ олармен байланыста болғандықтан өзі де ем алып жүргенін жеткізді.
«Көзін жойғаннан қасқырдың басын біз ветеринарлық инспекция жанындағы зертханаға жібердік, құтыру үшін алынған сынама оң нәтиже берді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар ауылдың жанындағы орманда тағы бес-алты қасқыр жүргенін анықтады. Біз ветеринария басқармасынан оларды атуға рұқсат алдық, өйткені олар адамдарға және үй жануарларына қауіп төндіреді», – деді Ә.Мұханбетжанова.