Түркістан облысында екі жасырын цех әшкере болды
Түркістан облысында екі жасырын цех әшкере болды
325
оқылды
Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолдана отырып, контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналы жазды. Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіру бойынша екі цехтың қызметін тоқтатты.
«Жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайларында антисанитариялық жағдайда суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша екі жасырын цех ұйымдастырылғаны анықталды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.