Технология жетілген сайын сол арқылы жасалатын алаяқтық та көбейіп барады. Жақында Алматыдағы аялдамаларда QR-коды бар жарнамалар қаптады.
Егер телефон камерасы арқылы кодты сканерлейтін болса, «ҚХБ-нің криптовалюта биржасы» парақшасы ашылады. Алматы қаласының Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, жапсырылған хабарландырулар тіркелмеген әрі рұқсат етілмеген жарнама саналады. Басқарма қызметкерлері барлық заңсыз жарнаманы алып тастаған. Бұл дерек Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасына жіберілді. Бірақ мамандар күмәнді QR-кодтарға жоламау керегін айтып отыр.