Полиция департаменті 4-сынып оқушысын қуған өзбек азаматына қатысты оқиғаға пікір білдірді
Полиция департаменті 4-сынып оқушысын қуған өзбек азаматына қатысты оқиғаға пікір білдірді
Фото: 365info.kz
269
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаменті «ұлты өзбек азамат 4-сынып оқушысына тиіспек болып, соңынан қуды» деген оқиғаға қатысты мән-жайды тексеріп жатыр. Ведомствоның мәліметі бойынша, 3 маусымда Іле ауданында «Тілектес»  саяжайының бір топ тұрғыны еңбек мигранттарына қатысты шағым түсірген. Олардың айтуы бойынша, өзбектердің бірі құрылыс маңынан өтіп бара жатқан оқушыға тиіскен. “Қазір құқық қорғау органдары ауыл тұрғынының шағымы бойынша тексеру жүргізіп жатыр, қолданыстағы заңнама бойынша шара қолданылады. Учаскелік полицейлер көші-қон қызметімен бірлесіп, көрші мемлекеттен келген азаматтардың құжаттарын тексерді. Нақты шешім қабылдау үшін екі жақтың да уәждері қарастырылып, бұл факті бойынша шешім қабылданады” делінген хабарламада.  Прокуратура қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін саяжай тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар тұрғындарды ресми дереккөзден алынған ақпаратқа сеніп, арандатушылыққа ермеуге шақырды. Қыздың әкесі полицейлерге шағым түсіріп, өзбектермен арада төбелес болғанын айтқан.