Алматылықтар дауыс беруді бастады
Алматылықтар дауыс беруді бастады
Фото: Айтжан Мұрзанов
403
оқылды
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша референдум учаскелері таңғы 7:00-ден бастап келушілерге есігін айқара ашты. Солардың бірі Алматы көпсалалы колледжінің ғимаратында орналасқан №139 учаскесі. Бұл жерге де алғашқы бірнеше дауыс берушілер  келіп үлгерді. Тұрғындар ертерек келіп ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға өз таңдауын жасауда. Учаскеде референдум комиссия мүшелері мен бірнеше тәуелсіз бақылаушылар өз міндеттеріне кірісіп кетті.   [caption id="attachment_199728" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Аталған референдум учаскесінің төрағасы Асылхан Бейсебаевтың айтуынша, дауыс берушілердің алғашқы қарқыны қуантарлық. «Бүгін Қазақстан халқы үшін тағдыршешті тарихи күн деп санаймын. Біздің дауыс беру  учаскеміз өз жұмысын ҚР Әнұранымен бастады. Қазіргі уақытта дауыс берушілердің келу қарқыны өте жақсы. Міне, басталғанына жарты сағаттай ғана болды. Осы аралықтың өзінде 20-30 адам келіп, өз таңдауын жасап кетті. Дауыс  беру барысын арнайы құрылған комиссиямен бірге тәуелсіз түрлі бақылаушылар бақылауда», – дейді А.Бейсебаев. Осылайша алматылықтар алдағы оң өзгерістерге өз таңдауын жасауды бастап кетті.

Алматы