ШҚО-да 1027 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
ШҚО-да 1027 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
219
оқылды
Шығыс Қазақстан тұрғындары да бүгін елмен бірге өз таңдауын жасауда. Өңірдің аудан-қалаларында 1027 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Өскеменде 120 учаске ашылды. «Amanat» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері дауыс беру барысын бақылауда. №22 дауыс беру учаскесінде 2057 адам тіркелген. Қала тұрғындары таңғы сағат 7-ден келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық позициясын білдіріп жатыр. дауыс «Денсаулық жағдайына байланысты 4 адам үйде дауыс берді. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ», – дейді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілі Мұхтар Төлеген.

А.Әбіл, Шығыс Қазақстан облысы