Ата Заңға оң өзгерістер жасап жатқанын бәрі біледі – Қайрат Жолдыбайұлы
Ата Заңға оң өзгерістер жасап жатқанын бәрі біледі – Қайрат Жолдыбайұлы
Фото: yandex.kz
Ата Заңға енген өзгерістер біздің қоғамды демократиялық құндылықтарға жетелейді. Бұл туралы Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы айтты, – деп хабарлады «Хабар 24» арнасы. Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы: «Референдумға алғаш рет қатыстым. Таңмен барып өзімнің азаматтық парызымды өтедім. Таңғы уақытқа қарамастан, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Бәрі көтеріңкі көңіл күйде. Өйткені Ата Заңға оң өзгерістер жасап жатқанын бәрі біледі. Мәселен, кез келген адам партияның тізімінсіз-ақ өз кандидатурасын мажоритарлық жүйемен Мәжіліске ұсына алады. Егер халық қолдап жатса, саясатқа толықтай өз үлесін қоса алады. Басқа да көптеген оң өзгеріс бар. Мұның бәрі біздің қоғамды демаократиялық құндылықтарға қарай жетелейтін қадамдар», – деді. Бұған дейін саясаттанушы Марат Шибұтов бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп референдумға апармағанын аңғардым деген еді.