Қоғамды салауатты өмір салтына тәрбиелеу өзекті мәселенің бірі. Бірақ дәл бүгінгі күні әртүрлі теориялық және практикалық әдістердің көмегімен денсаулық негіздерін қалыптастыру тәсілдерін анықтау ең «сәнді» құбылыс екенің ұмытпаған жөн болар.
Адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін зерттеумен айналысатын тұтас ғылым салалары пайда болды. ХХ ғасырдағы орыс ғалымы, медицина ғылымдарының докторы И.Брехман ғылыми қолданысқа жаңа ұғым – валеологияны енгізді. Бұл – адам денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайтудың заңдылықтары мен механизмдерін зерттеуге арналған жаңа ғылым.
Салауатты қоғам қалыптастыруға қажетті негізгі бағыттардың бірі – дене шынықтыру мен спортты дамыту. Жеке тұлғаның салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорт мәдениетінің ықпалын толығырақ зерттеу үшін «дене шынықтыру» және «спорт» ұғымдарын талдауға жүгіну қажет. Әртүрлі дереккөздерді зерделеу кезінде біз бұл ұғымдарда көбінесе концептуалды аппараттың белгілі бір комбинациялары болатынын анықтадық, бірақ белгілі құндылықтанушы Е.Н. Вайнер бұл ұғымдардың әрқайсысына жеке дара анықтама берді: «дене мәдениеті – адамның денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында қозғалыс әрекетінің әртүрлі түрлерін пайдалануға бағытталған адам мәдениетінің бөлігі»; «Спорт – бұл басқа адамдармен бәсекелестік жағдайында оларды орындауда жоғары нәтижелерге жету үшін арнайы дене жаттығуларын мақсатты пайдалану».
Дене шынықтыру жалпы адам ағзасының жұмыс істеуінің жоғары деңгейіне жетуге бағытталған құралдардың барлық түрлерін қолдануды қамтиды. Ал спортта нәтижеге ең алдымен арнайы жүктемелер есебінен қол жеткізіледі, ал көбінесе жаттығуларға тікелей қатыспайтын адам ағзалары осыдан зардап шегетінін ескерген жөн болар.
Тұрақты жаттығулар қартаю процесін кешіктіреді және адамның қалыпты жұмысын сақтайды. Спортпен шұғылданатын кез келген адам денесін шыңдап, жетілдіреді.
Дене белсенділігін қамтамасыз ету – адам әрекетінің табиғи бағыты, оған туғаннан бері беріледі. «Қозғалыс – өмір, белсенді қозғалыс – салауатты өмір» деп бала кезінен санасына сіңеді. Бұл толыққанды тұлғаны қалыптастыру үшін халықтың спорттық білімін үнемі дамытып отыру қажет.
Елімізде соңғы онжылдықта орнатылған спорттағы көптеген жетістіктер тіпті ең батыл болжамдардан да асып түсті, сондықтан спорт қазіргі қоғамның ең қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік және мәдени құбылыстарының біріне айналуда.
Біз көптеген ғалымдардың спортты әлеуметтік маңызы бар құбылыс ретінде қарастыратынын көреміз, өйткені оның дені сау жеке тұлғаны дамыту және жалпы қоғамның ілгерілеу процесінде маңызы баға жетпес. Қазіргі уақытта адамдар «белсенді демалыс» арқылы өз денсаулығын жақсартып, бос уақытын сапалы өткізу үшін дене шынықтыруға үлкен қызығушылықпен бет бұруда.
Салауатты тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды қарастыра отырып, біздің өскелең ұрпақ оқытудың түрлі әдістерін барынша қабылдайтынын атап өткен жөн. Ал бұл салауатты өмір салтын қалыптастыруға жастайынан қамқорлық жасау керектігін білдіреді.
Осылайша, қоғамның әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайтын жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше маңызға ие екенін анықтадық. Денсаулықты жоғары деңгейде сақтау – адамзаттың өркениет дамуының басты міндеті.