Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

вайнер

Мәжіліс отырысында қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды, –  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Заңның 217-бабында анық жазылғандай, енді танымал тұлғалар,  оның ішінде әншілер мен блогерлер, вайнерлер қаржылық өнімге қатысты жарнама жариялар алдында өте мұқият болуы керек. Бұл үшін заң аясында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Оның ішінде 2 000 АЕК және 600 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу, тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірлескен топтар үшін қылмыстық жаза 3-7 жыл аралығында болуы мүмкін және мүлкін тәркілеу көзделген. Бұл өте қатаң шара деп айтар едім», – деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли.

Айта кетейік, танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған алаяқ ұйымдар қарапайым адамдарға 54 млрд теңге залал келтірген.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен вайнерлер – Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынған болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.