«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады
«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады
386
оқылды
«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында құрылған республикалық партия штабының қорытынды отырысын өткізді. Жиын барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов  және ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев баяндама жасап, штабтың атқарған ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы қорытынды мәлімет берді.    width= Партия Төрағасы өз сөзінде:  «Жалпыұлттық референдум жүзеге асты. Азаматтар  Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды қолдап, елде демократиялық сана-сезімнің күшейгенін көрсетті. Президенттің жуырда ғана жарияланған Үндеуінде атап өтілгендей, азаматтар нағыз патриотизмнің үлгісін паш етіп, Қазақстанның қарқынды дамуына зор үлес қосты», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ, үгіт-насихат кампаниясы аясында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін жинау бойынша республикалық акция да өткізілді. Барлығы 20 мыңнан астам ұсыныс түсті.  Партия Төрағасы қазақстандықтардың барлық ұсыныстары мен көтерген мәселелерін   қарастыру жұмысын  Үкіметпен бірге атқару керектігін айтты. Жиын соңында Ерлан Қошанов штаб мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді, сондай-ақ елдегі саяси жүйенің алдағы уақытта өзгеруін ескере отырып партияның Орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының жұмысына қатысты нақты тапсырмалар берді.