Ақтауда шетелдік әйелден 40 келіге жуық апиын есірткісі тәркіленді.
1 маусымда Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінту барысында жалпы салмағы 39 келіні құрайтын апиын есірткі заты табылып, тәркіленді.
Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды. Ақтау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.