Оңтүстікте ыстықтан «Самара – Шымкент» күре жолдың бетон плитасы көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр.
«Самара – Шымкент» жолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті. Әлеуметтік желіде «Түркістан – Шымкент» арасындағы Төрткөл ауылы тұсындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткені туралы видео тарады.
[caption id="attachment_200531" align="alignnone" width="1200"] Фото: kz.qaj.kz[/caption]
Жолдағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі келтірді. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазір «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіргенін мәлімдеді.
«10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», – деді ол.